Астанада каратэ-до шито-рюдің «Нозава додзе» спорт залы ашылды

АСТАНА. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгін Астананың сол жағалауында каратэ-доның негізгі түрі – шито-рюді жаттықтыратын «Нозава додзе» спорт залы ашылды. Орталықты елорда әкімінің орынбасары Әмірхан Рақымжанов пен Бүкілжапондық Шитокай каратэ-до федерациясы директорының орынбасары Нодзава Юкихиро салтанатты түрде ашты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ә. Рақымжановтың атап көрсеткеніндей, шито-рю каратэнің негізгі түрі саналады және ол Азия ойындарының тізіміне енгізілген. «Бұл орталық келешекте еліміздің мерейін асқақтатын чемпиондарды тәрбиелейтін болатынына сенімдіміз», - деді ол. Осы шараға арнайы келген Н.Юкихиро қаңтардың 7-сі ? 8-і күндері жас жеткіншектерге шеберлік сабақтарын өткізді. Бұдан кейін балаларды оның шәкірті Эбисава Цуйоши (5-інші дан) және «Нозава додзе» спорт залының директоры, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Жандос Санауов (4-інші дан) жаттықтыратын болады. Каратэ-до шито-рюдің Дүниежүзілік федерациясы 1993 жылы наурыздың 19-ы күні Токиода құрылды. Қазақстанда Шито-рю федерациясы ресми түрде 2003 жылы ашылды.
Соңғы жаңалықтар