Астанада каратэ шинкиокушинкайдан республика чемпионаты өтуде
АСТАНА. 17 желтоқсан. ҚазАқпарат /Гүлнар Жандағұлова/ - Астанада каратэ шинкиокушинкайдан Қазақстан Республикасының ашық қысқы чемпионаты өтіп жатыр.
Келесі жылы өтетін VII қысқы Азиада ойындарына қолдап өткізіліп жатқан чемпионатқа Қазақстан, Қырғызстан және Ресей елдерінен 25 команда - 350-ден астам спортшы қатысуда. Жарыс бағдарламасы 2011 жылы Жапонияда ересектер арасында абсолюттік салмақ санатында өтетін әлем чемпионатының іріктеу турнирінің жекпе-жектерімен ашылды. Сондай-ақ жарыстың аясында 6-7, 8-9, 10-11 жастар санатында да жекпе-жектер өтеді.
Чемпионаттың екінші күні сенбі, 18 желтоқсанда жалғасады, жекпе-жектер 12 жас одан жоғары жастағы балалардың арасында өтеді. Бүгін «Дәулет» спорт кешенінде сондай-ақ жеңімпаздарды марапаттау және чемпионаттың жабылу рәсімі өтеді.