Астанада каратэден ТМД-ның кубогі сарапқа салынады
АСТАНА. 23 ақпан. ҚазАқпарат - 24 ақпанда Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде «ТМД кубогі» сарапқа салынатын киокушинкай кан каратэден V халықаралық турнир басталады.
Бұл тартысты додада барлық жас аралықтарының топтары бойынша ТМД-ның азулы каратэшілері бақ сынайтын болады.
Спорттық осы шараның мақсаты - Қазақстанда аталған спорт түрін дамыту, ТМД елдері арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, спортшылардың біліктілігін арттыру.
Таратылған мәліметтерге қарағанда, турнир ертең сағат 9-да басталады деп күтілуде.