Астанада кәріз жүйесін тазартуға заманауи техника жеткізілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әкімдігі өзектер мен арналарды тазартатын екі машинаны сатып алды. Әрбір машинаның құны 306 млн. теңге тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Бұл арнайы техника көктемгі кезеңде кәріз жүйесін тазарту үшін пайдаланылуда.

«Бұлар құрылысы жағынан өте күрделі машиналар, яғни арналардағы тұнбалар мен өзге де қалдықтарды толықтай тазартуға қауқарлы. Сонымен қатар машинада жеті қабаттан тұратын сүзбе де бар, осы арқылы лайланған су тазартылып, қайтадан жерге ағызылады. Бұрындары машиналар сулары таусылғаннан кейін, қайтадан су толтыру үшін қашық жерге баратын. Ал осы жаңа техниканың ішкі жүйесі суды тазартып, қайтадан пайдаланады», - деді «Астана-Тазалық» ЖШС бас директоры Боранбай Болатбеков.

Қызметкерлерді машинаны басқаруға үйрету үшін америкалық зауаттың өкілдері шақыртылып, олар өз кезегінде шеберлік сабақтарын өткізді.

«Бастапқыда қаланың орталық бөлігін тазартып шығамыз. Ағымдағы жылы 50 шақырым аумақты тазарту жоспарда бар»,-деді Болатбеков.

Оның сөзінше, Астанада кәріз жүйесінің жалпы ұзақтығы 400 шақырым, оның ішінде 350 шақырымы жер астында және 50 шақырымы жердің үстімен өтеді.

Соңғы жаңалықтар