Астанада кәріздік құдықтан белгісіз жағдайда үш адамның денесі табылды - Төтенше жағдайлар министрлігі
АСТАНА. Желтоқсанның 8-і. ҚазАқпарат - Астанада белгісіз жағдайда кәріздік құдықтың ішінен үш адамның - «АСКАДИ» ЖШС-нің құбыр төсеуші үш жұмысшысының денесі табылды,
деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.
41, 18 және 19 жастағы ер азаматтардың денелері дүйсенбі күні сағат 15.32-де елорданың Есіл ауданындағы Тұран даңғылында табылды. Төтенше жағдайлар ведомствосының хабарлауынша, тағы бір 19 жастағы жұмысшы ауруханаға түскен.