Астанада қарттарға арналған 3 шағын орталық ашылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының «Байқоңыр» ауданында халықаралық қарттар күніне орай аға ұрпақтың бос уақытын қызықты өткізуіне арналған 3 шағын орталық ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл туралы аудан әкімі өзінің Фейсбуктегі парақшасында мәлімдеді. Оның айтуынша, шағын орталықтарды ашуға қызмет көрсету ұйымдарының төрағалары мен «Асыл қазына НС» ЖШС демеушілік жасаған.
«Мұнда зейнеткерлер мен ардагерлердің бос уақытын барынша қызықты етіп өткізуі үшін әдеби-шығармашылық бұрыштар, үстел ойындары (шахмат, дойбы) ұйымдастырылып, сонымен қатар музыкалық үйірмелер ашу жоспарда бар», - деп жазды аудан әкімі Ерлан Каналимов.
Шағын орталықтар мына мекенжайларды орналасқан: А. Пушкин көшесі, 15, Е. Брусиловский көшесі, 18 және А. Чехов көшесі, 14.
Аудан әкімдігі қарттарға арналған орталықтардың қажеттілігі мен маңыздылығын түсіне отырып, тағы да осындай бірнеше орын ашуды жоспарлап отыр.