Астанада «Қару ? 2009» жедел-алдын алу шарасы басталды

АСТАНА. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Наурыздың 30-ы күні Астанада «Қару – 2009» жедел-алдын алу шарасы басталды. Ішкі істер департаменті осы күндері тұрғындарды қару-жарақтар мен оқ- дәрілерді өз еріктерімен тапсыруға шақырды,

Астанада «Қару ? 2009» жедел-алдын алу шарасы басталды
деп хабарлайды ҚазАқпарат. ІІД Тіл саясаты және ақпарат бөлімінің бастығы Нұрділдә Ораздың бүгін өткен апталық брифингте мәлімдегеніндей, «Қару ? 2009» іс-шарасы сәуір айының 3-іне дейін жалғасып, осы күндері полиция қызметкерлері халық арасында қару-жарақтар мен оқ дәрілерді өз еріктерімен тапсыру қажеттігі жөнінде ақпараттандыру жүргізетін болады. Қару иесі өйтпеген жағдайда заңсыз сақталып келген қару-жарағы тәркіленіп, оған қатысты қылмыстық іс қозғалатынын қадап айтты.«Сондай-ақ өткен аптада қоғамдық тәртіпті сақтау және заңбұзушылық қылмыстарға қатысы бар азаматтарды анықтау мақсатында жүргізілген жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында жүріс-тұрысы, бет-әлпеті күдік тудырған және жанында құжаты болмаған 296 азамат Сарыарқа аудандық Ішкі істер департаментіне жеткізілді. Ұсталған азаматтардың барлығы мәліметтер базасына тіркеліп, тексеруден өтті. Нәтижесінде 22 азамат оқшаулау бөлімшелеріне, 16-сы ? айықтырғыштарға жатқызылды. Ал бір азаматтан есірткі заты - гашиш табылды», - деді ол.