Астанада қару-жарақ пен техниканың халықаралық көрмесі ашылды
АСТАНА. 11 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы «Көрме» орталығында қауіпсіздік және азаматтық қорғаныс саласы бойынша «Kazakhstan Security Systems - 2013» атты I Халықаралық көрме ашылды.
Халықаралық деңгейде алғаш рет ұйымдастырылып отырған көрмеге құқық қорғау, құтқару, өрт сөндіру, өндірістік, тұрмыстық және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған техникалар, құрал-жабдықтар мен қару-жарақ шығарылып отыр. Оның барлығын отандық компаниялар, сондай-ақ Беларусь, Ресей, Германия, Украина, Франция мен Чехияның бірқатар кәсіпорындары ұсынды.
Айта кетейік, «Kazakhstan Security Systems - 2013» атты I Халықаралық көрме қыркүйектің 13-іне дейін жалғасады.