Астанада қару-жарақ сататын дүкендер жабылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада қару-жарақ сататын дүкендер бүгінгі жұмысын тоқтатып жатыр.
«Ягуар-Астана», «MAGNUM PLUS» және «Камал» қару-жарақ дүкендері бұл ақпаратты растап отыр. Оған себеп - бірнеше сағат бұрын Алматы қаласындағы террорлық әрекет. Ал, «Охотник» дүкенінің қызметкерлері жұмысын тоқтатса да, оның себебін айтудан бас тартты.
Ақпаратты толықтыру үшін Астана қалалық Ішкі істер департаментіне хабарласқанымызбен, бұл мәселеге қатысты қалалық ІІД баспасөз қызметі әзірге қандай да бір мәлімдеме жоқ екенін айтты.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңертең Алматы қаласында орын алған қарулы атысқа байланысты, қаладағы барлық 15 қару-жарақ дүкені белгісіз мерзімге дейін жұмыстарын тоқтатты.