Астанада Қарулы Күштердің 25 жылдығына арналған ғылыми конференция өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығында ҚР Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығы мен Алаш Орданың 100 жылдығына орайластырылған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл, ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласов, танымал отандық және шетелдік ғалымдар, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, докторанттар, магистранттар, студенттер қатысты.

Конференцияның негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының әскери тарихы, ғылым мен білімді дамыту жолдары мен келешегі, аталмыш салада бірлескен ғылыми зерттеулерді жетілдіру мәселелерін талқылау болды.

«Бүгінгі конференция «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде өтті. Алаш Орданың 100 жылдығы мен тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштерінің құрылуының 25 жылдығына арналған және ұрпақ сабақтастығындағы алар орны орасан зор. Алаш қайраткерлері өздерінің өмірлерін егеменді мемлекетті құру ісіне сарп етті, ал Алаш қозғалысы - бұл халыққа қызмет етудің жарқын үлгісі. Бүгінде олардың армандары орындалды. Қазақстанның әскери қызметшілері өмірлерін Отанға қызмет етуге арнап отыр. Ал мұндай конференциялар ұрпақтар арасындағы байланыс үшін қажет. Себебі, жас ұрпақ өзінің тарихын терең білуі тиіс», - деп ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласов атап өтті.

Конференция барысында саяси ғылымдардың кандидаты, алаштанушы, «Қасиетті Қазақстан» өлкетану зерттеу орталығының директоры Берік Әбдіғалиұлының «Алаш әскері», Ақ әскер құрамындағы қазақ бөліктері (1918-1920 жж.), тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Тұрғанбек Алланиязовтың «Қазақстан көшпенділерінің әскери ісі: зерделеу тәжірибесі мен мәселелері», өлкетанушы, қолөнер шебері Шөптібай Байділдиннің «Кейкі батыр» атты кітаптарының тұсаукесері өткізілді.

Соңғы жаңалықтар