Астанада қаржы пирамида жетекшілері сотталды

Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен «Antares» қаржылық пирамидасының екі жетекшісінің мүліктері тәркіленіп, 5 жыл 6 ай және 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Kazinform ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

қаржы пирамидасы
Фото: azattyq-ruhy.kz

Мемлекеттік айыптаушы барлық дәлелдемелерді ұсына отырып, сотталушылардың кінәсіздігі жөніндегі уәждерін жоққа шығарды. 

Кінәлілер Instagram мен Telegram әлеуметтік желілері арқылы қысқа мерзімде ақша табу мүмкіндігін жарнамалап, салынған ақшаны жылдық 300%-ға дейін көбейтуге уәде берген. 33 адам пирамидаға 245 миллионнан астам теңге салған.

Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды. Үкім күшіне енді.