Астанада қайырымдылық балынан түсетін жарналар аутизммен сырқаттанған балаларды емдеуге жұмсалады (ФОТО, ВИДЕО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада жыл сайынғы VIII қысқы «Қазақ өнерімен жігерлене отырып» атты қайырымдылық балы өтті.
None
None

Биылғы балдың ерекшелігі шараға қатысушылар еркін көшпелілердің тарихын көрсететін қазақ халқының аңыздары мен шығармашылық арқылы сайын даланың сұлулығын көркем кестелеу болды.

Алғаш рет балды халықаралық конкурстардың лауреаты, Гүлмира Құттыбадамованың көркемдік жетекшілігімен камералық хор ашты.

Дәстүр бойынша елорданың кәсіби хореографтарының басшылығымен 30 жұп дебютанттар қонақтарды заманауи музыкалық қойылымдар ырғағында би нөмірлерімен тәнті етті.

Оларды театр және кино актері Әнуар Нұрпейісов пен «Қазақ аруы-2015» байқауының жеңімпазы Кәмшат Қоскелова қолдады.

Кештің маңызды сәті Батырхан Шүкеевтті еске алуға және оның шығармашылығына арналған әнші Әли Оқаповтың нөмірі болды. Қайырылмдылық балынан түскен барлық қаражат тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардан шыққан балалардың білім бағдарламаларына және аутизмге шалдыққан балаларды қолдауға жұмсалмақ. «Биылғы жылы бал аутизмге ұшыраған балаларға арналып отыр. Бұл үлкен проблема. АҚШ пен Израильдің зерттеу институттарының мәліметтері бойынша, 2020 жылға қарай әрбір 30-шы бала аутизм дертіне шалдығады. Ал бізде бүгінгі таңда нақ осындай балаларға жағдайлар жасау толық көлемінде жүргізіліп отырған жоқ. Оларға мамандардың білікті көмегі қажет. Жиналған қаржыға балаларды оқытуға, көмек көрсетуге тырысамыз. Бұл балалар, негізінен тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан. Адамдар төлеген жарналар қордың қайырымдылық шараларын жүзеге асыруға жұмсалады», - деп хабарлады «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында «Болашақ» корпоративтік қорының директоры Динара Шайжүнісова.

Кештің жүргізушілері Кәмшат Жолдыбаева мен танымал тележүргізуші Камиль Ғалиев болды. Отличительной особенностью бала стал аукцион уникальных лотов предметов искусства и спортивной атрибутики. Вырученные средства пойдут на благотворительность, сообщают организаторы.

Балдың айрықша ерекшелігі өнер және спорт артибуттары заттарының бірегей лоттарының бәссаудасы болды. Түскен қаражаттар қайырымдылық шараларына бағытталады, деп хабарлады ұйымдастырушылар.

Лоттарға Қазақстанның екі дүркін чемпионы «Астана» кәсіби футбол клубының командасы толық құрамының қолтаңбалары бар добы, «Astana Arlans» кәсіби спорт клубындағы жаттығу аптасы, «Барыс» хоккей клубы ұсынған спорттық киімдер, Alsara ву Damiani коллекциясынан бас киім әшекейлері қойылған. Өткен жылы қайырымдылық балының барысында 13,6 млн. теңгеден астам қаржы түскен болатын. Аутизмге шалдыққан балаларға 7 инклюзивтік сыныптар құрылды.

Аутизм - бас миының дамуы бұзылуы салдарынан әлеуметтік өзара іс-қимыл мен қатынастың жеткіліксіздігімен, сондай-ақ қызығушылығы шектелуімен сипатталатын сырқат. Әлемде әрбір 88-ші бала аутизм сырқатына ұшыраған, соның ішінде қыз балаларға қарағанда, ұл балаларда бұл ауру түрі шамамен 4 есе көп. Аурудың белгілері үш жасқа дейін пайда болып, адамдың бүкіл өмір бойына жалғасуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар