Астанада қайырымдылық туралы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

АЛМАТЫ. 27 мамыр. ҚазАқпарат - Астанада 31 мамыр күні «Қазақстандағы қайырымдылық» деп аталатын IV Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Оны «Бауыржан» қайырымдылық қоры үйымдастырып отыр.
None
None

Қор президенті Жұлдыз Омарбекованың айтуынша, әлеуметтік мәселелерді бизнес-құрылымдарды тартпай мемлекет өз күшімен шеше алмайды. Алайда елдегі әлеуметтік жағдайды жақсартуда барлық компания бірдей мемлекетке көмекке ұмтыла бермейді. Сондықтан олардың корпоративтік-әлеуметтік жауапкершілік деңгейін арттыру керек. Сол себепті сұхбат алаңына биыл әлеуметтік саясат пен қайырымдылық саласындағы қазақстандық және шетелдік сарапшылар өзара пікір алмаспақ. Оған қазірдің өзінде 100-ге жуық ірі компаниялардың өкілдері өздерінің қатысатындарын растап отыр.

Соңғы жаңалықтар