Астанада Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтының филиалы ашылады

АСТАНА. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат - Астанада ертең, шілденің 15-інде Республикалық жедел медициналық көмек ғылыми орталығының базасында Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу инстиутының филиалы ашылады. Бұл туралы Ұлттық медицина холдингінің баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Республикада көз ауруларынан мүгедектікке ұшыраған 20 мыңнан астам адам тұрады. Әсіресе балалар мен жасөспірімдердің арасында көз аурулары ұлғайып келе жатқаны алаңдаушылық туғызады. Ересектер арасында соқырлыққа апарып соқтыратын глаукома сырқаты өршіп отыр. Соңғы 10 жылда ол 25 пайызға өсті. Глаукома бойынша мүгедектік 3,7 есеге артып, бесінші орыннан екінші орынға көтерілді. Әрбір бесінші мүгедек еңбек жасындағы жандар.

Жедел медициналық көмек орталығы базасында жаңа кереуеттер орналастыру басты мақсаттардың біріне - халыққа жоғары кәсіби офтальмологиялық көмек көрсетудің қол жетімді болуына мүмкіндік береді. Филиалдың ашылу бағдарламасында офтальмологиялық микрохирургиялық операцияны тікелей эфирде көрсету, Қазақ офтальмологтар қоғамының отырысын өткізу, ауруларға кеңес беру көзделген.

Соңғы жаңалықтар