Астанада қазақ тіліндегі «Жұлдызды соғыстар: күштің оянуы» фильмінің тұсауы кесіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 17 желтоқсан күні сағат 15.30-да Алматы және Астана қалаларында қазақ тіліне дубляждалған ғарыштық опера жанрындағы танымал «Жұлдызды соғыстар: күштің оянуы» фантастикалық фильмінің тұсаукесері өтеді.

Астанада қазақ тіліндегі «Жұлдызды соғыстар: күштің оянуы» фильмінің тұсауы кесіледі

Фантастикалық фильм «Жұлдыздар шайқасы. Эпизод VI: Джедайдың оралуы» картинасының жалғасы, сондай-ақ мемлекеттік тілде шыққан үшінші трилогияның басы болып табылады, деп хабарлайды ұйымдастырушылар.

Фильмнің оқиғасы Джакку шөлейтті ғаламшарында өрбиді, ал ал оның жаңа кейіпкерлері - шабуылдаушы Финн, бойжеткен Рей, По Дамерон, сондай-ақ Хан Соло, Чубакка, Люк Скайуокер және Лея ханшайым галактикалық империядан ауытқып кеткен бірінші реттеуші - мемлекет құрушымен күреске түседі.

«Жұлдызды соғыстар: күштің оянуы» («Звездные войны: Пробуждение силы») - дубляждау бойынша жобаны қолға алғаннан бастап қазақ тіліне аударылған он үшінші фильм және ол 2015 жылғы танымал кино туындылардың шымылдығын жабатын шебер дубляждаған фильмдер қатарын толықтырмақ. Дубляж режиссері - Тимур Балымбетов.