Астанада қазақ тілінен өзге ұлт оқушылары арасында қашықтан өткізілетін ІІІ республикалық олимпиаданың жабылуы болды

АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Қаңтардың 10-ында Астана қаласының «Данияр» қонақүйінде қазақ тілінен өзге ұлт оқушылары арасында «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің символы» атты қашықтан өткізілетін ІІІ республикалық олимпиаданың жабылуы болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Бұған дейін хабарланғандай, аталмыш шара «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңын, Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын тиімді іске асыру, мемлекеттік тілді қолданудың басты бағыттарын анықтау және білім беру жүйесінде оны оқып-үйрену сапасын арттыру мақсатында ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» ғылыми-тәжірибелік орталығы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің қолдауымен ұйымдастырды. Білім жарысына республиканың 6 аймағынан 5-10 сыныптардың 33 оқушысы қатысты. Нәтижесінде ІІІ орынды Людмила Исупова, Лилия Иванова, Оля Лутавинова алды. Ал ІІ орын Данил Ларионов пен Екатерина Кимге бұйырса, бас жүлдеге Динара Матрасулова ие болды. Сондай-ақ Исмаилова Разуна олимпиадада «Ең жас қатысушы» деп танылды.«Бұл олимпиаданы осымен 3-ші рет «Дарын» білім орталығы ұйымдастырып отыр. Тест жылдан-жылға өзгертіліп, ал талаптары сақталып келеді. Осы жолы балалардың мүмкіндігі мен білімін ескере отырып, біз қазақ тілі тапсырмаларын күрделендіруге тырыстық. Сонымен бірге, аталмыш олимпиаданың мақсаты ? мемлекеттік тілді рухани даму және қарым-қатынас құралы ретінде еркін меңгеретін лингвистикалық қабілеті жоғары және қазақ тілін үйренуге талаптанатын өзге ұлт оқушыларын анықтап, оларды әрі қарай дамыту», - деді Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті Практикалық қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы Зейнехан Күзекова.
Соңғы жаңалықтар