Астанада «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» республикалық байқауы өтуде
АНА. 25 қараша. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Астанадағы Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың үйлестіру-әдістемелік республикалық орталығында «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» республикалық байқауы өтуде.
Аталмыш шара - мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және дамыту, мемлекеттік қызметкерлерге қазақ тілінен сабақ беретін оқытушылардың әдістемелік сауаттылығын арттыру болып табылады. Сонымен қатар ол республика аумағындағы мемлекеттік мекемелерде қазақ тілінен сабақ беретін оқытушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдап, әдістемелік жетістіктерін анықтап, соларға қолдау көрсетуді көздейді.
Кеше, яғни 24 қараша күні облыстық байқауларда жеңіске жеткен
14 оқытушының құжаттарын белгілі ғалымдар мен қазақ тілінің мамандарынан құрылған әділқазылар алқасының мүшелері сараптамадан өткізді. Ал бүгін әділқазылар алқасы облыстан үздік шыққан байқауға қатысушы үміткерлердің педагогикалық қабілеттері мен олардың сабақ беру әдістерін сынға салып, жеңімпаздарды анықтайды. Байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі ертең, 26 қараша күні өтеді. Жеңімпаздар осы байқауға арнайы дайындалған дипломдар, бағалы сыйлықтармен марапатталады.