Астанада қазақ журналистикасының өзекті мәселелері талқылануда

АСТАНА. Маусымның 19-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін ҚР Баспасөз күніне орай Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Қазақстан журналистикасы: өзекті мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өтіп жатыр,

Астанада қазақ журналистикасының өзекті мәселелері  талқылануда
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Еліміздің жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, осы саладағы белгілі оқытушы-журналистер қатысып жатқан мәжілісте журналистикасының өзекті мәселелері ? мемлекеттік саясатты халыққа жеткізу, ақпараттық қауіпсіздікті сақтау, журналист мамандарды даярлау жайы талқылануда.«Бүгінгі кездесудің өзектілігі сол, қазіргі кезде бізде журналист мамандарды даярлайтын факультет Алматыдағы әл-Фараби атындағы университетте ғана бар. Бүгінде Астана бүкіл дүниежүзі білетін қалаға айналғанымен, мұнда журналист кадрларды даярлайтын факультет болмай тұр. Осыған дейін Еуразия ұлттық университетінде бір-ақ кафедра жұмыс істеді. Биыл осы жоғары оқу орнында екінші кафедра және журналистика мәселелерін зерттейтін институт құрылды. Алдағы уақытта факультет ашуға негіз жасауымыз қажет. Еліміздің барлық журналистерін жинап отырғандағы мақсатымыз - осы мәселені қозғау», - дейді белгілі журналист Намазалы Омашев.