Астанада «Қазақмирас» веб-порталының тұсаукесер рәсімі өтті

sp;АСТАНА. Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Астанадағы «Қазақ ақпарат агенттігі» ұлттық компаниясының баспасөз орталығында «Қазақмирас» веб-порталының тұсаукесер рәсімі өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда елімізде мемлекеттік тапсырыс негізінде Астана қалалық Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Ұлттық мәдениетті интернет арқылы насихаттау және көпшілікке тарату» атты әлеуметтік жобасы жүзеге асырылуда. Оның мақсаты - ұлттық құндылықтарымызды, салт-дәстүрлерімізді, классикалық шығармаларымыз бен мәдениетімізді ақпараттық технологиялар арқылы насихаттау, интернеттегі және электронды кеңістіктегі мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту болып табылады.

«Қазақмирас» (www.kazakhmiras.kz ) веб-порталы аталмыш жоба аясында жүзеге асырылып отырған дүние. Ұлттық мәдениетті ғаламтор арқылы насихаттауға бағытталған портал 15-16 бөлімнен тұрады. Веб-порталдың авторы және жетекшісі белгілі продюсер Қыдырәлі Болманов, ал кеңесшісі Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің оқу-әдістеме және стратегиялық даму жөніндегі проректоры, филология ғылымының докторы, профессор Дихан Қамзабекұлы. Жоба аясындағы жұмыстарды «Мәссаған» ұлттық веб-порталы демеушілерінің «Жігер одағы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері жүзеге асырады.

Соңғы жаңалықтар