12:21, 02 Сәуір 2015 | GMT +5
Астанада «Қазақстан - біздің атамекеніміз» атты бейнепанорамалық көрме өтіп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің «Алаш» залында «Қазақстан - біздің атамекеніміз» атты бейнепанорамалық көрмесі мен дәріс сабағы ұйымдастырылады. Шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орайластырылып отыр, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Көрмеде көп ұлтты Қазақстан халықтарының бірлігі мен татулығы және Қазақстан ішкі тұтастығын сақтауға қосып отырған үлесі, осы мерекенің елімізде кең көлемде аталып өтуіне барша Қазақстан халқының атсалысып жатқандығы көрсетілген. Бейнепанорамалық көрме 1- 20 сәуір аралығында өтеді.