13:52, 23 Ақпан 2009 | GMT +5
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сараптамалық кеңестің бірінші отырысы өтті
АСТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін елордадағы Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сараптамалық кеңестің бірінші отырысы өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Отырыс барысында Ғылыми-сараптамалық кеңестің хатшылығы мен секцияларының құрамы бекітіліп, алға қойылған мақсат-міндеттер мен іс-шаралар жоспары мақұлданды. Бүгінде кеңес жұмысын бірнеше бағытта жүргізу ұсынылып отыр. Оның ішінде еліміздегі этносаяси үдерістерге мониторинг жасау, ақпараттық-сараптама жүргізу және осы орайда сан алуан ғылыми мәжілістерді өткізу іс-шаралары бар.
Кеңес төрағасының орынбасары, Еуразия ұлттық университетінің ректоры Бақытжан Әбдірайымовтың айтуынша, алдағы уақытта Ғылыми-сараптамалық кеңестің журналын, электронды кітапханасы мен жеке сайтын ашу көзделіп отыр.