Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы қарсаңында кең ауқымды мәдени іс-шаралар өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы 2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жарияланды. Ассамблеяның құрылғанына 20 жыл толуының құрметіне бүкіл Қазақстан бойынша кең ауқымды іс-шаралар өткізу жоспарланған, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қала тұрғындары мен қонақтары үшін этномәдени бірлестіктердің қатысуымен көптеген қызықты іс-шаралар дайындалуда. Мерейтойлық жылдың салтанатты ашылуы 6 ақпанда Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді. «Бейбітшілік және келісім жол картасы» мега-жобасының қорытындысы шығарылып, этномәдени бірлестіктердің «Менің Қазақстаным» қалалық музыкалық фестивалі ұйымдастырылмақ.

Елордалық мұражайлар мен мәдениет мекемелерінде жыл бойы Қазақстандағы бейбітшілік пен толеранттылықты сақтау, көп ұлтты мемлекетімізді нығайту ұранымен этнофестивальдар, патриоттық кештер мен тақырыптық көрмелер өткізіледі.

Астаналық мектеп оқушылары бейбітшілік және келісім сабақтарына қатысып, балалар шығармашылығы байқаулары мен мемлекеттік тілді білу сайыстарында жарысқа түседі.

Сондай-ақ, қалалық мектептер мен ЖОО мәдени бірлестіктердің күндері өтеді. Биыл елорда күні «Астана бейбітшілік және келісім қаласы» ұранымен аталып өтіледі, соның аясында қалалық этномәдени бірлестіктердің қатысуымен мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады.

Еске сала кетейік, Астанада 100 астам ұлт өкілі тұрады, 46 жуық этномәдени бірлестік белсенді қызмет етеді.

Соңғы жаңалықтар
telegram