Астанада Қазақстан халқының бірлігі доктринасын әзірлеу мәселесі талқыланды

АСТАНА. Маусымның 12-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Қазақстан халқының бірлік доктринасының негізгі бағыттары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті,

Астанада Қазақстан халқының бірлігі доктринасын әзірлеу мәселесі талқыланды
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Іс-шара барысында ұлтаралық келісімді сақтаудың әлемдік тәжірибесі сараланып, халықтар достығының қазақстандық үлгісі негізінде Қазақстан халқының бірлік доктринасын әзірлеу мәселесі талқыланды. ҚР Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық зерттеу мен талдау орталығы директорының орынбасары Асқар Жұмабаевтың сөзіне қарағанда, доктринаны әзірлеу барысында ұлтаралық келісім идеясының әлемдік тәжірибесін жан-жақты қолдану қарастырылған. «Аталған құжаттың басты мақсаты - бүгінгі адам құқықтары саласындағы заңнама аясында халықтар арасындағы келісім байланыстарын нығайту, қазақстандық патриотизмді дамыту және қазақстандық қоғамды қалыптастыру», - дейді А.Жұмабаев.