Астанада Қазақстан халқының бірлігі күні кең көлемде аталып өтуде

АСТАНА. 1 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы «Қазақ елі» монументінің алаңында Қазақстан халқының бірлігі күні қызу тойланып жатыр. Алаң аумағында азаматтарға көпшілік серуені үшін арнайы жағдай жасалған.
None
None

Ол күні бойына 100 мыңға дейін адам қабылдай алады. Өлшемі 10м Х 10 м болатын 10 шатырдан тұратын қалашық салынған. Олардың әрқайсысында 2-3 этномәдени бірлестіктер орналасып, өз ұлыстарының сәндік-қолданбалы өнерін, ұлттық киімдерін, музыкалық аспаптарын, тұрмыстық және қолөнер бұйымдарын көрсетеді.

Сондай-ақ, азық-түлік бөлшек саудасына арналып 20 сауда шатыры тігілген. Сонымен қатар, қала мейрамханалары тамақтануды ұйымдастыруы үшін диаметрі 20, 16 және 12 метр болатын 5 орын бар. Олардың бірінде түрлі этностардың ұлттық тағамдары таныстырылады.

Айта кету керек, «Қазақ елі» монументі алаңындағы іс-шаралармен қоса, қаланың дәстүрлі орындарында да мерекелік шаралар өтуде. Биылғы 15 сәуір мен 2 мамыр аралығында 27 іс-шара ұйымдастырылған. Оның ішінде Қазақстан халқының бірлігі фестивалі, көрмелер, дөңгелек үстелдер, спорттық жарыстар, қалалық сурет байқауы, жастар флэшмобы, мектептерде сынып сағаттары өткізілді.

Соңғы жаңалықтар