Астанада Қазақстан меценаттарының бірінші форумы өтті (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының қамқорлығы аясында Қайырымдылық ұйымдарының, меценатар мен донорлардың І республикалық съезі өтті.
None
None

«Биыл біздің Ассамблея бірқатар жалпыұлттық, қайырымдылық акцияларын өткізіп, оны еліміздің әрбір тұрғынына жеткізді. Ассамблея жылындағы «ҚХА - 20 игі іс!» басты әлеуметтік акциясы аясында 90 мың адамға 5 млрд. 623 млн. теңге көлемінде көмек көрсетілді. Оған қатысқан адамдардың саны 2 миллионнан асты. Осы орайда бұл акцияға қатысқандарға алғысымды айтқым келеді», - деді ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова.

Мемлекеттік хатшы сонымен қатар бүгінде қоғам «Қайырымдылық туралы» Заңын жүзеге асыруға қолдау жасауы керектігін, ұйымдастырылып отырған съезд осы мәселе бойынша әлеуметтік кең диалогқа бастау болып отырғанын атап өтті.

Съезд барысында қайырымдылық саласындағы ҚХА байқаулары мен жобаларының қорытындысы жасалды.

Съездің мақсаты - елде қайырымдылықтың дамуына жаңа екпін беру, қайырымдылықпен айналысатын барлық ұйымдар мен азаматтардың бірлесуіне жәрдемдесу.

Шараға 1 200-ден астам адам қатысты. Олардың ішінде қайырымдылықпен айналысатын адамдар, меценаттар, ҚХА мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың, этномәдени, діни бірлестіктердің, қорлардың, мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың өкілдері, шетел мемлекеттерінің дипломатиялық миссиялары, сондай-ақ ғылыми және шығармашыл зиялы қауым, жастар, өңірлерден келген делегациялар және БАҚ өкілдері бар.

Соңғы жаңалықтар