Астанада Қазақстан мен Данияның арасында адам құқықтары саласы бойынша өзара тиімді ынтымақтастық орнатудың мүмкіндіктері талқыланды

АСТАНА. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат – Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров бейсенбі күні Астанада Дания Корольдігінің делегациясының өкілдері - Дания Сыртқы істер министрлігінің Еуропа және Ресей істері жөніндегі департаменті директорының орынбасары Томаса Дьюрхусспен және Адам құқықтары жөніндегі Дания университетінің директоры Харальда Хартвигмен кездесті.
None
None
ҚазАқпаратқа бұл туралы омбудсменнің баспасөз қызметінен хабарлады. Дания тарабының өкілдері Қазақстанның келесі жылы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуге әзірлігімен танысуға ниет білдірді. Асқар Шәкіров делегацияны омбудсмен кеңсесінің жұмыс ерекшелігімен, Қазақстандағы адам құқықтарының проблемаларымен, халықаралық құқық қорғаушы конвенциялар мен шарттардың қолданысына қатысты мемлекеттік органдар мен азаматтық сектордың өзара жұмысымен таныстырды. Тараптар сондай-ақ адам құқықтары саласында өзара тиімді ынтымақтастық орнатудың мүмкіндігін де талқылады. Т. Дьюрхусс мырзаның пікірінше, пікір алмасу осындай ынтымақтастықтың нақты бағыттарын анықтауға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Соңғы жаңалықтар
Референдум