Астанада Қазақстан мен Литва жедел жәрдем бригадаларының жарысы өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Астанада 5-7 қыркүйек аралығында Қазақстанның барлық өңірлерінің және литвалық командалардың қатысуымен жедел медициналық жәрдем бригадаларының III республикалық жарысы өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Астанада Қазақстан мен Литва жедел жәрдем бригадаларының жарысы өтеді

Іс-шараны өткізудің мақсаты - ұлттық және халықаралық стандарттарды ескере отырып, халыққа шұғыл медициналық көмек көрсету дағдыларын жетілдіру.

Жарыс барысында қатысушылар анафилактикалық шок, нәрестені реанимациялау, политравма кезінде ситуациялық тапсырмаларды орындайды «Оқиға» орнында манекендер және стандартталған пациенттер пайдаланылады.

Мұнымен қоса, жарыс шеңберінде отандық өндірушілердің медициналық техникасының, дәрілік заттарының көрмесі ұйымдастырылады деп жоспарлануда.