Астанада Қазақстан мен Ресей сарапшыларының форумы басталды

АСТАНА. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Астанадағы «Риксос» қонақүйінде «Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары: күн тәртібіндегі жаңа мәселе» тақырыбында Қазақстан мен Ресей елдері сарапшыларының форумы басталды,

Астанада Қазақстан мен Ресей сарапшыларының форумы басталды
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Форумда Қазақстан мен Ресейдегі дағдарысқа қарсы іс-шараларға сарапшылардың қатысу деңгейі және осы саладағы екі елдің идеологиялық саясаты, сондай-ақ осы орайда ортақ ақпараттық кеңістікті қалыптастыру мәселелері талқылануда. Айта кетейік, форум «Нұр Отан» ХДП XII съезі қарсаңында ұйымдастырылып отыр.