Астанада «Қазақстан мұнайы: оның даму мүмкіндіктері» деген тақырыпта ақпараттық семинар өтуде

АСТАНА. Тамыздың 22-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін «Солтүстікқазақстандық құқықтық медиа орталығы» қоғамдық қоры  Астанада бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арнап «Қазақстан мұнайы: оның даму мүмкіндіктері» деген тақырыпта ақпараттық семинар ұйымдастыруда,

Астанада «Қазақстан мұнайы: оның даму мүмкіндіктері» деген тақырыпта ақпараттық семинар өтуде

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш шараға еліміздің аймақтарындағы ақпарат құралдарының тілшілері қатысуда. Жиын барысында оларға мұнай саласының мамандары мен кәсіби экономистер дәріс беріп, осы салаға қатысты өздерінің құнды мәліметтерімен бөлісетін болады. Сондай-ақ тілшілер жиында осы сала бойынша өздерін толғандырған мәселелер жөнінде мамандармен пікір алмасады.

«Солтүстікқазақстандық құқықтық медиа орталығы» қоғамдық қорының директоры Диана Окремованың айтуынша, мұнай Қазақстан экономикасындағы маңызды салалардың бірі және ол өзінің құрылымы жағынан басқа салалармен салыстырғанда өте күрделі. Бұл сала  бойынша ақпарат құралдарында материалдар жиі жарияланып жүргенімен, оған қатысты туындап отырған сауалдар да аз емес.

«Ал бүгінгі шара ақпарат құралдарының өкілдерін толғандырған  сауалдарға нақты жауап беріп, олардың мұнай саласына қатысты білімдерін жетілдіріп, біліктіліктерін арттыра түседі деген ойдамыз», деді қоғамдық қор директоры.

 Семинардың түске дейінгі жұмысы барысында экономика ғылымдарының докторы, профессор Арыстан Есентүгелов еліміздегі мұнай саласының дамуы мен оған экономикалық дағдарыстың әсері жөнінде әңгімеледі. Жиынның түстен кейінгі жұмысында Білім және ғылым министрлігінің Экономика институтының бас маманы Олег Егоров Қазақстандағы көміртегі ресурстарының әлеуеті мен оларды өңдеу тиімділігі, саудалау мәселелері жөнінде әңгімелейді.