Астанада Қазақстан неврологтарының І съезі өтеді

АСТАНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - Елордада 23-25 қазанда Қазақстан неврологтарының I съезі өтеді. Бұл туралы елорданың ресми сайты хабарлады.
None
None

Съез барысында Қазақстан, жақын және алыс шетелдердің жетекші мамандары модератор ретінде қатысып, баяндамалар жасайды. Шара жұмысына балалар мен ересек бейінінің невропатологтары, нейрохирургтер, ангиохирургтер, реабилитологтар, сәулелік диагностика дәрігерлері, медициналық жоғары оқу орындарының оқытушылары, денсаулық сақтау ұйымдастырушылары, жалпы тәжірибе дәрігерлері мен кәсіби қызметі жүйке жүйесі ауруларын зерттеумен, диагностикалаумен, емдеумен, оңалту және алдын алумен байланысты басқа да мамандар қатысады. Съездің бірінші күні №1 қалалық ауруханада республикамыздағы неврологиялық қызметті ұйымдастыру жөніндегі мәселелер бойынша шеберлік сыныптары мен мәжіліс өтеді. Кейінгі күндері съез Astana Hotel қонақ үйінде жалғасады.

Айта кетейік, аталмыш шара қазақстандық және шет елдердің неврология саласындағы мамандар мен қонақтар осы сала бағытындағы ауруларды заманауи диагностикалау мен емдеудегі озық тәжірибелермен алмасатын пікір алмасу алаңына айналмақ.

Соңғы жаңалықтар