Астанада Қазақстан тұңғыш Президентінің күні ауқымды шаралармен аталып өтіледі
Бұл байқаудың өткізілуі жастардың игі бастамаларын жандандыруға, оқушылардың патриоттық құндылықтарын нығайтуға септігін тигізетіні сөзсіз.
Оған қоса, Қазақстан тұңғыш Президентінің күнін атап өтуге байланысты ағымдағы жылдың 15 қазанынан бастап қалалық мектеп оқушылары арасында «Астана және Президент» тақырыбында шығармалар байқауы өткізілуде.
Сондай-ақ алдағы уақытта елордамызда әлеуметтік-мәдени шаралар өтеді. 20 қазаннан бастап 20 қарашаға дейін қала кітапханаларында «1 желтоқсан - Қазақстан тұңғыш Президентінің күні» атауымен кітап көрмесі ұйымдастырылады; 29-30 қарашада Сәкен Сейфуллин атындағы мұражайда «Елбасы елімен бірге» тақырында Республикалық ақындар байқауы өтеді; қарашада қаланың барлық кинотеатрларында режиссер Р. Әбдірашевтың «Балалық шағымның аспаны» атты туындысы көрсетіледі; «дөңгелек үстел» отырыстары, тарихи сабақтар, концерттер, көрмелер мен кездесулер өткізілетін болады.
Ал мереке күні - 1 желтоқсанда Астана қаласы мерекелік шараларға толы болмақ. Е. Жуасбектің «Терең тамырлар» қойылымының көрсетілімі; «Жас дарындар Тұңғыш Президент келбетінде» атты байқау; «Жарқын болашаққа бастаған Ұлт Көшбасшысы» атты жас журналистер байқауы; «Олимпиадағы спортшылар белестері - Елбасы қамқорлығының жетістігі!» спартакиадасы; «Елбасы бастаған даңқты Қазақстан!» атты Республикалық жас ақындар байқауы, астаналық мектеп оқушыларының құрама командалары арасында «Президенттік шақырым» атты кешенді спорттық-ойын сауық эстафетасы мен Астана қаласы оркестрлерінің ART-қойылымдары өтеді деп жоспарлануда.