Астанада «Қазақстан. Ядролық қарусыз әлемнің сәулеті» атты кітаптың таныстырылымы болды

аусымның 18-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Астанада «Қазақстан. Ядролық қарусыз әлемнің сәулеті» атты кітаптың тұсаукесері өтті.
None
None

Аталмыш кітапты «Казахстанская правда» басылымының ұжымы шығарған.

«Биылғы жылдың сәуір айында Вашингтонда өткен ядролық қаруға қарсы күрес саммиті көпшіліктің жадында болар. Бұл оқиға бізге қатты әсер етті десек артық айтқандық емес. Осыған қарай біз өзіміздің басылымымыздың тілшілері мен фототілшілерін және өзге де ұжым қызметкерлерін тарта отырып, осындай кітап шығардық», деді таныстырылым барысында «Казахстанская правда» басылымының Басқарма төрағасы Александр Тараков.

Шығарманың әдеби редакторы Лариса Кунсттің айтуынша, ол негізгі 4 бөлімнен тұрады. «Бірінші бөлімді біз жақында ғана Вашингтонда өткен ядролық қарумен күрес жаһандық саммитіне арнадық. Екінші бөлім ел басшыларының Семей полигонын жабу мен ядролық қару сынақтарын тоқтату жөніндегі шешімдеріне арналды. Үшінші бөлімде ядролық сынақтардың адамзат баласына келтірген зардаптары бейнеленген. Ал төртінші бөлім Қазақстанның атомды бейбіт мақсатта пайдалану шараларына арналған. Біз қолданған материалдардың барлығы «Казахстанская правда» басылымында соңғы 20 жылда шыққан материалдарға негізделген», деді Л.Кунст.

360 беттен тұратын кітап әзірше 2 мың данамен шығып отыр.

Соңғы жаңалықтар