Астанада Қазақстан-Жапония бизнес форумы өтті

  АСТАНА. ҚазАқпарат - Форум аясында жылу, сумен жабдықтау, ядролық энергетика және Алматы қаласында қалалық көлікті дамыту бойынша Жапонияның ең ірі компанияларымен екіжақты келісімдерге қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
None
None

Форумның ашылуында ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Арыстан Қабикенов Жапония Қазақстанның Шығыс Азиядағы негізгі стратегиялық серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Ол екі ел арасында 2015 жылдан бері Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісім бар екенін айтты.

«Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы жалдардан бастап шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау арқылы экономикалық өсуді қолға алды. Жапония Қазақстанның ең ірі инвесторларының қатарына кіреді. 2005-2017 жылдар аралығында Жапониядан Қазақстанға құйылған тікелей инвестицияның жаппай ағыны 5 млрд АҚШ долларынан асып жығылады», - деді А.Қабикенов
null

Өз кезегінде, Жапонияның экономика, сауда және өнеркәсіп министрлігінің халықаралық істер жөніндегі вице-министрі Тадао Янасэ жапондық компаниялардың Қазақстанға инвестиция салуға қызығушылық танытып отырғанын атап өтті.

Қазақстан-жапон экономикалық комиссия төрағасының орынбасары, «ИТОТЮ» корпорациясының кеңесшісі Тосиюки Косуги «Қазір біз екі ел  арасындағы даму стратегиясының жаңа бастамаларын жүзеге асыруды қолға алып жатырмыз. Өткен жылы Қазақстан Үкіметі «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын қабылдады. Осы жолда әрі қарай да көптеген бағыттарда нақты екі жақты қарым-қатынас қалыптастыруды қалаймын», - деді ол.

Сонымен Қазақстан-Жапония екіжақты ынтымақтастық форумы аясында бірнеше меморандумға қол қойылды. Атап айтқанда, «Kazakh Invest» басқармасының төрағасы Сапарбек Тұяқбаев пен «Марубэни Корпорейшн» компаниясының вице-төрағасы Ямадзоэ Сигеру Алматы қаласында қалалық көлікті дамыту бойынша өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қойылды.
null

 «КазЦентр ЖКХ» АҚ, «Mitsui & Co LTD» және «Japansystem Planing LTD» арасында жылу және сумен жабдықтау жүйелерінде пилоттық жобаны жүзеге асыру бойынша өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға, «Kazakhstan Nuclear Power Plants» пен «The Japan Atomic Power Company», «Marubeni Utility Services Ltd» арасында ядролық энергетика саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Айта кетейік, 2017 жылдың нәтижесі бойынша Қазақстаннан Жапонияға 886 млн АҚШ долларының тауары экспортталды. 2018 жылдың 1 мамырдағы жағдайы бойынша Қазақстанда жапон тарапының қатысумен 77 заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер тіркелген.

null

 

Соңғы жаңалықтар