Астанада Қазақстанда тұңғыш рет қағанақтың күрделі патологиясы бар жүкті әйелге жасалған бірегей операция сәтті аяқталды

АСТАНА. Сәуірдің 27-сі. ҚазАқпарат - Қазақстанның астанасында Ана мен бала орталығы мен |Ұлттық медициналық холдингінің жедел жәрдем орталығы қызметкерлерінің бірлесуімен тұңғыш рет күрделі патологиясы бар жүкті әйелге бірегей операция жасалды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық медициналық холдигінің баспасөз қызметі.

Астанада Қазақстанда тұңғыш рет қағанақтың күрделі патологиясы бар жүкті әйелге  жасалған бірегей операция сәтті аяқталды

Емделуші Ұлттық Ғылыми ана мен бала орталығының жүкті әйелдер патологиясы бөліміне Ақмола облысынан келді. Тексеру барысында диагностиканың жаңаша әдістерін қолданған Орталық мамандары өте сирек кездесетін, алайда жүктіліктің ауыр шиеленісуін анықтап алды - бұл халық арасында «бала орны» деген атпен белгілі қағанақтың өсімі мен толықтай жатуы. Қағанақтың жабысуының ауытқулары өте сирек кездеседі, бірақ ана мен оның баласы үшін үлкен қауіп-қатер төндіреді. Қағанақтың өсімінің негізгі қауіпті факторларына жатырішілік хирургиялық операциялар (жасанды түсік, миомэктомия), жатырдың қабынушылық дерті, сондай-ақ баланы іштен жарып алудан кейінгі жатырдағы тыртық жатқызылады.

Жағдайды қиындатқан тағы бір жағдай - жүкті әйелге бұған дейін екі рет іштен жарып алу операциясы жасалған болатын. Қағанақтың өсуі жағдайында босанудан кейін қан кетуі, болашақ ана өміріне қауіп төнуі мүмкін.

Емделуші патологиясының елеулі екенін ескере отырып «ҰҒАБО» АҚ-ның бас дәрігерінің орынбасары, профессор Талшын Үкібасованың басқаруымен жиналған консилиумде жатыр тамырларына еліміздің басқа ешқандай клиникаларында болып көрмеген жоғары технологиялы тәжірибені қолдану туралы шешім қабылданды.

Рентгенологиялық бөлімнің қызметкерлері - Дулат Тәжібаев, операциялық блок - Ләззат Сәйділдина, операциялық топ - Талшын Үкібасова, Зоя Ан, Сергей Ли, анестезиолог-реаниматолог дәрігер Марат Гареев, сондай-ақ «Республикалық жедел жәрдем ғылыми орталығы» АҚ диагностика бөлімінің жетекшісі Сергей Боровскойдың үйлесімді жұмысының арқасында операция сәтті өтті.

Орталық мамандарының айтуынша, бұл операция болашақта аушерлік қан кету кезінде әйелдердің жатыр органдарын сақтап қалуға, сондай-ақ аналар өлімінің деңгейін төмендетуге жол ашады.