Астанада Қазақстандағы медициналық білімнің бүгіні мен болашағы талқыланады
АСТАНА. 28 ақпан. ҚазАқпарат -Қазақстан, Ресей, Канада және Қырғызстанның медицина ғалымдары Астанада бас қосып, Қазақстандағы медициналық білімнің бүгіні мен болашағын талқылайды.
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция алдағы 2-3 наурыз күндері Астана медициналық университетінде өтеді. Іс-шараға құзырлы мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар шақырылып отыр.
Конференция барысында сондай-ақ, 2006-2010 жылдар кезеңіндегі Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білім беру ісін реформалау тұжырымдамасын іске асыру нәтижелері көрсетіліп, талқыланады.