15:30, 11 Ақпан 2009 | GMT +5
Астанада «Қазақстандағы патриотизм: тарих және бүгінгі жағдай» тақырыбында республикалық конференция өтеді
АСТАНА. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Ақпанның 12-сі күні Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 20 жыл толуына арналған «Қазақстандағы патриотизм: тарих және бүгінгі жағдай» тақырыбында Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Іс-шара аясында бір топ интернационалист-жауынгерлерді бастап келетін генерал-лейтенант, "Халық қаһарманы" Бақытжан Ертаев студент-жастармен кездесіп, бүгінгі қазақстандық патриотизм мәселесі төңірегінде әңгіме-сұхбат құрмақ. Кездесуден кейін Халық қаһарманы бастаған интернационалист-жауынгерлер мен студент-жастар елордадағы Ауған соғысы ескерткішіне гүл шоқтарын қоймақ. Ал түс қайта белгілі ғалымдар, Ұлы Отан және Ауған соғыстарының ардагерлері ? Б.Керімбеков, Кеңес Одағының Батыры Н.Кремениш, генерал-майор, әуе полкының командирі Т.Нұрғалиев, Еуразия ұлттық университетінің студенттік отрядының жетекшісі М.Құсайынов, ҚР Елтаңбасының авторы Ж.Мәлібеков, Ауған соғысының ардагері А.Жұмаділханов және басқа да азаматтардың қатысуымен «Қазақстандағы патриотизм: тарих және бүгінгі жағдай» атты Республикалық конференцияның жұмысы басталады. Ғылыми мәжіліс барысында Ауған соғысындағы интернационалист-жауынгерлердің батырлық істері, оның ішінде «мұсылман батальонының» ерлігі, сондай-ақ бүгінгі қазақстандық патриотизм мәселесі талқыға салынбақ.