Астанада «Қазақстандағы жастар еріктілер қозғалысы» семинары өтеді

Оны Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысымен «Болашақ» Қауымдастығы ұйымдастырады.
Семинарды БҰҰ еріктілер бағдарламасының үйлестірушісі Ай Ватанабе, АҚШ елшілігінің баспасөз хатшысы Әлия Бестаева («Болашақ» бағдарламасының түлегі), ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі комитетінің халықаралық ұйымдармен ынтымақтасу басқармасының бас маманы Мамедов Әлішер, "Тәлімгер" жастар қоғамдық қозғалысының жетекшісі Асхат Тасымов, «ASTANA» YDC жастар даму орталығының бас директоры Никита Шабаев, ұлттық еріктілер жүйесінің жетекшісі Вера Ким, еріктілер қозғаласының өкілі Тұрсынай Әубәкірова, ҚР Төтенше жағдайлар министрілігінің өкілі, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Бахтияр Оспанов, «Заботливые руки» еріктілер корпусының жетекшісі Галина Чехович, «Болашақ» корпоративтік қорының қамқорлық кеңесінің төрағасы Динара Чайжунусова, «Болашақ» Қауымдастығының атқарушы директорының орынбасары Аян Әлжанов өткізеді.
Семинарға үкіметтік емес ұйымдардың, елшіліктердің, мемлекеттік органдардың, жастар ұйымдарының, жоғары және орта оқу орындарының өкілдері қатысады. Отырыстың басты тақырыбы - еріктілер қызметінің шетелдік және қазақстандық тәжірибесі.