Астанада «Қазақстанды таныту» тележобасының тұсаукесері өтеді
АСТАНА. 1 сәуір. ҚазАқпарат - 22013 жылғы 2 сәуірде сағат 10.30-да Астанада Қазақстан Республикасының Президенті бастамасымен «Қазақстанды таныту» тележобасының тұсаукесері өтеді. Бұл туралы «Қазақстан» ұлттық телеарнасынан хабарлады.
«Қазақстанды таныту» тележобасы қазақ халқының мәдениеті мен тұрмысы туралы баяндайтын, шамамен 2 минутқа созылатын бейнероликтер топтамасы түрінде ұсынылған. Жобаға кино мен спорт жұлдыздары - «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев пен актриса Бибігүл Сүйіншалина қатысады.
Тұсаукесер көрсетілім Қонаев көшесі, 4 мекенжайында орналасқан Қазмедиаорталық ғимаратының 5-қабатындағы мәжіліс залында өтеді.