Астанада қазақстандық армияның құрылғанына 20 жыл толуына арналған мектеп оқушылары шығармалары жинағының таныстырылымы өтеді
АСТАНА. 27 сәуір. ҚазАқпарат - Астанада халықаралық «Бәйтерек» медиа-орталығында қазақстандық армияның құрылғанына 20 жыл толуына арналған «Қазақстан, армия, патриотизм» атты мектеп оқушылары шsғармалары жинағы кітабының таныстырылымы өтеді,
деп хабарлады «Бәйтерек» халықаралық медиа-орталығының баспасөз қызметі.
2011-2012 оқу жылы кезеңінде мектеп оқушылары шығармаларының фотосуреттерінің осы атаулы күнге арналған республикалық байқауы өткізілді. Жинаққа Қазақстанның барлық 16 аймағынан оқушылардың таңдаулы шығармалары енгізілді.
Бұл шараны Астана қаласының ішкі саясат басқармасы ұйымдастырды. Бұл - осы басқарма шығарған үшінші жинақ. 2010 жылы «Астана және Президент» кітабы, 2011 жылы - «Жеңіс, естелік, патриотизм. Жеңімпаздар шөберелері соғыс туралы» кітабы таныстырылған болатын. Енді бұл жолғы «Қазақстан, армия, патриотизм» кітабы елдің жас ұрпағын патриоттық тәрбиелеуде азаматтық қоғамның өзіндік үлесі болмақ.