Астанада қазақстандық-корейлік технологиялық әріптестік орталығы ашылды

ТАНА. 26 тамыз. ҚазАқпарат /Гүлмира Алякпарова/ - Бүгін «Ұлттық инновациялық қор» АҚ-да қазақстандық-корейлік технологиялық әріптестік орталығының ашылуы болды.

Астанада қазақстандық-корейлік технологиялық әріптестік орталығы ашылды

Орталықты құрудағы негізгі мақсат - Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының инновациялық іс-әрекет субъектілері арасындағы әріптестік қарым-қатынасты және инновациялық белсенділікті дамыту.

Орталық технологиялар трансферті саласында қазақстандық және корейлік ұйымдар арасында өзара ынтымақтастықты ұйымдастыруға арналған үнемі қызмет істеп тұратын алаң болмақ. Оның негізгі қызметі - ақпараттарды тарату, инвесторларды, серіктестер мен технологияларды іздеп-табу, бірлескен ғылыми-зерттеу және инновациялық жобаларды үйлестіру, инновацияларды құру және басқару саласындағы мамандарды даярлау және біліктілігін арттыру бойынша бірлескен бағдарламаларды ұйымдастыру арқылы екі ел компанияларының арасында ұдайы байланыс орнатып отыру болып табылады.

«Мен, екі жақты келісімнен кейін мықты инновациялық жобалардың легі ағылатынына сенімдімін. Алдағы уақытта осындай орталықты Корея елінің аумағында ашатынымызға сенімдімін», - деп атап өтті ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Қаныш Төлеушин.