11:22, 27 Мамыр 2013 | GMT +5
Астанада қазақстандық журналистер масс-медианың гендерлік сезімталдығы тақырыбында семинар-тренингке қатысуда
АСТАНА. 27 мамыр. ҚазАқпарат - Астанада қазақстандық журналистерге арналған «Масс-медианың гендерлік сезімталдығы канондары мен эталондары: стратегия,

тактика, перспективалары» тақырыбында семинар-тренинг өтуде.
Шараны ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлесіп, «Қоғамның рухани-имандылық жаңғырту - елдің әлеуметтік-экономикалық жаңғыруының алғышарттар» жобасын іске асыру аясында өткізіп отыр.
Екі күндік тренинг барысында әрбір қатысушы материалдар мен тренинг тақырыбы бойынша жеке практикалық ұсынымдар топтамасын және тақырыпты игергендігі туралы халықаралық сертификат алатын болады. Қазіргі уақытта оған республикалық БАҚ-тардың 20-дан астам өкілі қатысуда.
Семинар-тренинг БҰҰ Даму бағдарламасының ғимаратында өтіп жатыр.