Астанада Қазақстанның су шаруашылығын дамытуға арналған халықаралық құжаттарға қол қойылды

АСТАНА. KAZINFORM –Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа мемлекеттер тасқын сияқты табиғи дағдарыстарды бірлесіп еңсеру керектігін айтты. 

Астанада Қазақстанның су шаруашылығын дамытуға арналған  халықаралық құжаттарға қол қойылды
Фото: Есімжан Нақтыбай/Kazinform

Қазақстанның су секторын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі отырысында бойынша Су ресурстары және ирригация министрлігі мен халықаралық серіктес арасында ынтымақтастықты дамыту жөніндегі бес құжатқа қол қойылды.

Біріншісі — Испанияның Xcalibur Smart Mapping компаниясымен Қазақстанның батысындағы жерасты суларының кеніштерін картаға түсіру жобасы туралы келісім.

Екіншісі — Ислам даму банкі, БҰҰ даму бағдарламасы және Су ресурстары және ирригация министрлігі арасындағы әріптестік ниеттестік туралы мәлімдеме. Құжат Қазақстанның су саласындағы техникалық әлеуетін бірлесіп нығайту, саланы цифрландыру, тасқынды болжау жүйесін жетілдіру, климаттың өзгеруіне төзімділікті арттыру, су саясатын дамыту бағыттарын қамтиды.

Астанада Қазақстанның су шаруашылығын дамытуға арналған  халықаралық құжаттарға қол қойылды
Фото: Есімжан Нақтыбай/Kazinform

Сондай-ақ, үшінші Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы мен Еуразиялық даму банкі арасында су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесін құруға грант бөлу туралы келісімге қол қойды. Жоба 2026 жылы аяқталады. Мақсаты — Қазақстанның су ресурстарын басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттыру, шығындарды азайту және олардың ұтымды бөлінуін қамтамасыз ету.

Астанада Қазақстанның су шаруашылығын дамытуға арналған  халықаралық құжаттарға қол қойылды
Фото: Есімжан Нақтыбай/Kazinform

Төртінші құжат — «Қазсушар» кәсіпорны мен қытайлық Power China International компаниясының арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту туралы келісім. Бұл келісім Қазақстанның су мамандарын Қытайға оқыту семинарларына жіберуді көздейді. Министрліктің мәліметі бойынша, 30 адамнан тұратын бірінші топ осы келісім аясында Қытайда екі апталық оқуды бастап кеткен.

Астанада Қазақстанның су шаруашылығын дамытуға арналған халықаралық құжаттарға қол қойылды   https://kaz.inform.kz/news/astanada-kazakstannin-su-sharuashiligin-damituga-arnalgan-halikaralik-kuzhattarga-kol-koyildi-2d3d2d/
Фото: Есімжан Нақтыбай/Kazinform

Бесінші құжат — «Қазсушар» және «Primus Capital Almaty» ЖШС арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум. Құжат «Қазсушар» РМК-ның гидротехникалық құрылыстарының базасында шағын су электр станцияларын салуға бағытталған.

Аталған жиында Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа Қазақстан 2024 жылғы тасқын кезінде табиғи дағдарысты шешуге қабілетті екенін көрсетті деген пікір айтты

Соңғы жаңалықтар