18:10, 13 Шілде 2009 | GMT +5
Астанада Қазақстанның Әмбебап мерзімдік шолу процедураларынан өтуіне дайындығы жөнінде семинар өтеді
АСТАНА. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Шілденің 14-де ҚР Сыртқы істер министрлігінде 2010 жылдың ақпан айында БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің аясында Қазақстанның Әмбебап мерзімдік шолу процедураларынан өтуіне дайындығы жөнінде семинар өтеді. Бұл туралы бүгінгі брифингте аталмыш министрліктің ресми өкілі Ержан Ашықбаев айтты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Шараны ҚР Сыртқы істер министрлігі, БҰҰ-ның Қазақстандағы даму бағдарламасы, БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссарының басқармасы, Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшілігі ұйымдастырып отыр. «Мақсаты - Әмбебап мерзімдік шолу процедураларынан өту үшін Ұлттық баяндаманың алдын-ала жобасын талқылау болып табылатын семинарға мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, халықаралық сарапшылар қатысады», деді Е. Ашықбаев.