Астанада «Қазақстанның азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырған республикалық семинар өтті
АСТАНА. Сәуірдің 28-і. ҚазАқпарат - Елордада «Қазақстанның азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырған семинар өтті. Бұл шараға Альянстың барлық аймақтық өкілдіктері шақырылды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Республикалық семинардың мақсаты «Қазақстанның азаматтық альянсы» жаңа командасы мен оның аймақтық өкілдерін таныстыру болған еді.
Шараны «Қазақстанның азаматтық альянсы» басшысы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Соловьева ашты. Ол әлеуметтік серіктестік ұстанымдарының , үшінші сектордың кәсібилік деңгейін және жергілікті ҮЕҰ жұмысы сапасын көтерудің, сондай-ақ мемлекетпен ынтымақтастық орнатудың ерекше маңызын атап өтті.
«ҚАА» ЗТБ-нің атқарушы директоры Алина Хаматдинова бірлестіктің институционалдық дамуы мәселелерін, ҮЕҰ-мен серіктестік пен іс-қимылдың жаңа бағдарламалары мен тетіктерін ұсынды. Сондай-ақ ол «Біз - бір команда» республикалық науқаны туралы айтып берді. Мұндай ауқымды науқанға қосылу ұсынысы семинарға қатысушылар тарапынан зор қолдауға ие болды. «ҚАА» аймақтық өкілдерінің барлығында дерлік жоба үшін идеялар табылды.
«Қазақстанның азаматтық альянсы» ЗТБ ҮЕҰ-мен, мемлекеттік құрылымдар, бизнеспен нақты серіктестікті пен өзара іс-қимылға елеулі маңыз беріп отыр.