Астанада Қазақстанның барлық дыбыс режиссерлері бас қосады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 11-16 тамыз аралығында елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында сағат 10.00-де дыбыс режиссерлері мен жарық қою жөніндегі суретшілеріне арналған шеберлік дәрісі өтеді. Бұл туралы astana.kz жазады.

Астанада Қазақстанның барлық дыбыс режиссерлері бас қосады

Тренингті Астана қаласының Мәдениет басқармасы мен АҚШ Елшілігі бірлесе ұйымдастыруда. Іс-шараға концерт залдарындағы дыбыс режиссерлері мен жарық қою жөніндегі суретшілер, мәдениет сарайлары, театр, цирк және түрлі студиялардан келетін шығармашыл тұлғалар қатысады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл өз саласында пісіп-жетілген, нағыз майталмандардан тәжірибе алуға мүмкіндік беретін бірегей шара. Өз тәжірибесімен бөлісуге америкалық сарапшылар мен практиктер дайын: Джули Добо ханым - «Company E» техникалық директоры, Пол Эмерсон мырза - «Company E» арт директоры.

Семинарға астаналық цирк, театр және концерт залдарының қызметкерлері де қатысады.