11:05, 19 Ақпан 2009 | GMT +5
Астанада Қазақстанның кедендік саясатын оңтайландыру тақырыбына дөңгелек үстел өтпек
АСТАНА. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат - Ертең Астанада жаһандық қаржылық дағдарыс жағдайында Қазақстанның кедендік саясатын оңтайландыру тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қаласының Кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Отырыста тақырып аясында кәсіпкерлер үшін кедендік рәсімдеу мен бақылау процедураларын жеңілдету, сыртқы экономикалық қызметті дамыту және жетілдіру мақсатында қолайлы жағдайлар туғызу, аймақта шағын және орта бизнесті қолдау мәселелері талқыланады. Сондай-ақ ҚР Кеден кодексінің жаңа ережесіне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы заң сарапталады.Бұл жиынға елдегі экспорттаушы кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдері, уақытша сақтау қоймаларының иелері және брокерлік компания жетекшілері қатысады.
Дөңгелек үстел отырысын Астана қаласының Кедендік бақылау департаменті ұйымдастырады.