Астанада Қазақстанның саяси дамуының басымдықтарына қатысты конференция өтеді

АСТАНА. Маусымның 19-ы. ҚазАқпарат - Маусымның 23-24-і күндері Астанадағы Мемлекет тарихы институтында «Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының тарихи маңызы және Қазақстанның саяси дамуының басымдықтары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді,

Астанада Қазақстанның саяси дамуының басымдықтарына қатысты конференция өтеді
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Конференцияның мақсаты ? Мемлекет тарихы институтының тұжырымдамасын жүзеге асыру барысында қазіргі заманғы Қазақстан тарихының өзекті мәселелерін талқылау, Қазақстанның жаңа тарихының негізгі міндеттерінің бірі Қазақстан тарихын зерттеу және теориялық негіздеу болып табылады. Конференция жұмысы «Қазақстанның қазіргі заман тарихының тұжырымдамалық негіздері», «Қазіргі заманғы Қазақстан және саяси аспектілер» деген екі бағыт бойынша өтеді. Бұл шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, еліміздің көрнекті ғалымдары, жоғары оқу орындарының оқытушылары және жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері қатысады.