Астанада «Қазақстанның тұңғыш-әйел суретшісі» бірегей көрмесі ашылады
АСТАНА. 14 маусым. ҚазАқпарат - Астаналықтар мен қала қонақтарына әйел-суретшілердің шығармашылығымен жақынырақ танысуға мүмкіндік туады.
Қала күні қарсаңында Қазіргі заман өнері мұражайында «Қазақстанның тұңғыш-әйел суретшісі» бейнелеу өнерінің бірегей көрмесі ашылады. Онда келушілер ХХ ғасырдағы Қазақстанның қылқалам шеберлерінің 80 жұмысын көре алады. Бұл туралы astana.kz сайтына мұражайдан мәлім етті.
«Жыл сайын қала күні қарсаңында Қазіргі заман өнері мұражайында көрме өтеді. Биылғы жылы Астана қаласы Қазіргі заман өнері мұражайы мен Алматы қаласындағы А.Қастеев атындағы бейнелеу өнерінің Мемлекеттік мұражайынан кескіндеме, живопись, графика және мүсін жұмыстарының жиынтығын ұсынуды жоспарлап отырмыз», - деп ойын бөлісті мұражай басшысы Нелли Шиврина.
«Қазақстан ХХ ғасырдың басында бір топ керемет суретшілер ұрпағының пайда болуымен ерекшеленді», - деп атап өтті мұражай директоры.
Олар өз шығармашылықтарында тәуелсіз, дербес, жігерлі суретшілер ретінде көрінсе, кейде, көңіл күйді тап басатын әрі сондай шынайы шығармаларымен сусындатты. Енді астаналықтар мен қала тұрғындары қазақстандық суретшілер мұра ретінде қалдырған тамаша туындыларымен танысу мүмкіндігіне ие болмақ.
Экспозицияда Айша Ғалымбаева, Гүлфайрус Исмаилова, Елизавета Говорова, Мария Лизогуб, Ольга Кужеленко, Лия Колотилина, Эмилия Бабад, Зоя Береговая сынды графикалық және сәулет өнерінің хас шеберлерінің туындылары ұсынылатын болады.
Н. Шивринаның айтуынша, көрме 4 шілдеде ашылып, қыркүйек айының соңына дейін жалғасады.