Астанада «Қазақстанның XXI ғасырдағы даму моделі» тақырыбында дөңгелек үстел отырыс өтті

АСТАНА. 6 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін елордадағы «Атамекен» этномемориалдық кешенде «Қазақстанның XXI ғасырдағы даму моделі» атты дөңгелек үстел жиыны өтті.

Астанада «Қазақстанның XXI ғасырдағы даму моделі» тақырыбында дөңгелек үстел отырыс өтті

Қазақстан халқы Ассамблеясының Астана қалалық хатшылығының ұйымдастыруымен өткен шараның басты мақсаты -  Қазақстанның жүріп өткен жолын қорытындылау, Тәуелсіз мемлекеттің қазақстандық моделінің ерекшеліктері мен жетістіктерін талдау, Қазақстан Республикасының даму басымдықтарын талқылау.

 «Бүгінде елорда тұрғындарының қауымдастығы - бұл 130-дан астам этностар мен ұлыстардың өкілдері. Олардың көпшілігі өзінің этномәдени бірлестіктерін құрды. Олардың саны қазір - 27. Сонымен бірге 12 жексенбілік мектеп жұмыс істейді. Мұның барлығы этникаралық қатынастарды, дәстүрлі мәдениет пен елдің мемлекеттілігін одан әрі дамытуға берік іргетас қаланғанын білдіреді», - дейді ұйымдастырушылар.

 Дөңгелек столдың жұмысында ҚР халқы Ассамблеясының мүшелері, Парламент Мәжiлiсінің депутаттары, этномәдениет бiрлестіктер, Ассамблеяның ғылыми - сараптамалық кеңесiнiң өкiлдерi қатысты.