Астанада Қазақстанның заманауи мемлекеттік қызметін институцияландыру және кәсібилендіру жүйесі мәселелері талқыланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәуелсіздіктің 25 жылдығын кең көлемде атап өту мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің бастамасымен «Н. Назарбаев және мемлекеттік қызметтің қазақстандық моделі» тақырыбында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Іс-шара Назарбаев Университетімен, БҰҰДБ (Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы) және Еуропалық Одақ өкілдігімен бірлесіп өткізілді.

Астанада Қазақстанның заманауи мемлекеттік қызметін институцияландыру және кәсібилендіру жүйесі мәселелері талқыланды

Іс-шараның мақсаты - Қазақстан атты жаңа Тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы Тұңғыш Президенттің, меритократия, тиімділік, нәтижелілік, ашықтық және қоғамға есептілік қағидаларына негізделген мемлекеттік қызметтің кәсіби жүйесін институтционалдауды қамтамасыз етуші Ұлт Көшбасшысының рөлін паш ету болып табылды.

Конференцияда Тәуелсіз Қазақстанның заманауи мемлекеттік қызметін институцияландыру және кәсібилендіру жүйесі мәселелері талқыланды.

Конференция жұмысына Президент Әкімшілігінің басшылығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері, академиялық қоғамдастықтың, дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Видеоконференцбайланыс тәртібінде конференция баяндамашылары тарапынан Ли Куан Ю атындағы Сингапурдың Ұлттық Университеті мемлекеттік саясат мектебінің Вице-деканы, профессор Эдуардо Арарал (Сингапур), Корнел университеті Құқық мектебінің профессоры Чарльз Уайитхед (АҚШ) сөз сөйледі.

Конференция үш секциялық отырыс шеңберінде өтті:

- «Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы «Мемлекеттік қызмет туралы» Жарлығы - Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік қызметтің заманауи жүйесін институцияландырудың бастауы»;

- «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Ұлт Көшбасшысы, мемлекеттік қызметтегі меритократия принциптерін, тиімділіктерін, нәтижеліліктерін және ашықтығын қалыптастурды қамтамасыз етуші»;

- «Заманауи мемлекеттік аппарат қалыптастыру бойынша Мемлекет басшысының интитуционалды реформасы».

Конферецияға қатысушылар бірауыздан: Қазақстан Республикасы Президентінің заңды күші бар Жарлықтары Қазақстанның заманауи құқықтық жүйесінің, оның ішінде мемлекеттік басқарудың және мемлекеттік қызметтің негізін қалады; Тәуелсіздік жылдары ел Президентінің нақты бағыт ұстануының арқасында үздік халықаралық тәжірибеге негізделген заманауи инфрақұрылым және сапалы, қолжетімді мемлекеттік қызметтер көрсету жүйесі қалыптасты; Тұңғыш Президент - Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев бекіткен «Болашақ» бағдарламасы жаңа форматтағы басқарушыларды қалыптастырудың генераторы бола білді және солай қала бермек, - деген қорытындыға келді.

Халықаралық сарапшылар мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңнаманың кадрларды іріктеу мен өсіру кезінде, персоналды басқару және этиканы бақылауды күшейту институттары мен механизмдерін жетілдіруде меритократия қағидаттарын күшейтуді қамтамасыз ететіндігін жоғары бағалады. Олар заманауи және кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыруда жүзеге асырылып жатқан институционалды реформаның Қазақстанды ары қарай дамыта түседі деп есептейді.